Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан экспортқа еттен бөлек бал мен жем-шөп шығара бастады

Қазақстан экспортқа еттен бөлек бал мен жем-шөп шығара бастады

Мемлекет бір ғана өнімге тәуелділіктен біртіндеп бас тартып отыр

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау саясатын қайта форматтауға кірісті. Соңғы келіссөздер нәтижесі еліміздің сыртқы нарықтарға тек ет өнімдерімен ғана емес, ауыл шаруашылығының кең спектрі арқылы шығуға көшкенін көрсетеді. Бұл үрдіс агроэкспорт құрылымының әртараптандырылып жатқанын аңғартады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 7 мемлекетпен 16 ветеринарлық сертификатқа келісім жасалып, қол қойылды.

Бұған дейін қазақстандық экспорттың негізгі тірегі ірі және ұсақ мал еті болса, бүгінде экспорттық жеткізілім географиясы мен өнім номенклатурасы айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, Әзербайжан нарығына сүт өнімдері, сиыр және қой етімен қатар бал мен балық өнімдерін жеткізуге мүмкіндік ашылды. Моңғолияға тірі ұсақ мал экспорттауға рұқсат берілді, ал Марокко қазақстандық жем-шөп өнімдерін импорттауға дайын.

Сондай-ақ Иран нарығы былғары мен жүн экспорты үшін ашылып отыр. Ал Еуропалық Одақтың қазақстандық балға нарық ашуы – агроөңдеу саласы үшін сапа мен қауіпсіздік талаптарының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.

Министрлік елдің экспорттық әлеуеттін күшейту бағытындағы жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті. Бүгінде Республика 12 мемлекетпен келіссөз жүргізіп жатыр.

«Басым серіктестер қатарында Жапония, Малайзия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Иордания және Пәкістан бар, олармен ет және субөнімдер, сүт өнімдерін жеткізу мәселелері талқылануда. Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Канада және Гонконгпен сүт өнімдері, жем-шөп, бал экспортын дамыту мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар, Эквадормен циста артемиясын экспорттау бойынша өзара іс-қимыл жалғасуда», деді ведомствода.

Айта кетсек, 2025 жылдың он айында 30,2 мың тонна сиыр еті, 25,5 мың тонна қой еті сыртқы нарыққа шығарылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.