Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астананың әлеуметтік жүйесіне жүктеме артты: Үкімет басымдықтарды белгіледі

Астананың әлеуметтік жүйесіне жүктеме артты: Үкімет басымдықтарды белгіледі

Халық санының өсуі әлеуметтік саясатты қайта қарауды талап етіп отыр

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен  кеңейтілген отырыс өтті. Онда елорданың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы және демографиялық өсімге байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 1 қарашадағы дерекке сәйкес Астана халқы 1,62 млн адамға жеткен. Жыл басынан бері тұрғындар саны 6%-дан астам өсіп, негізгі өсім көші-қон есебінен қалыптасқан. Бұл денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйелеріне қосымша салмақ түсіріп отыр.

Денсаулық сақтау саласында 277 медициналық ұйым жұмыс істейді, алайда кадр тапшылығы мен жабдықталу деңгейі әлі де назарда. Білім беру жүйесінде де оқушылар саны жыл сайын 10–12 мыңға артып келеді. Жекеменшік мектептерді қаржыландыру көлемі 2025 жылы 272 млрд теңгені құрағанымен, инфрақұрылым мен педагог кадр тапшылығы мәселесі сақталып отыр.

Аида Балаева әлеуметтік саясатта басты өлшем нысандар саны емес, басқару тиімділігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қызметтер нақты жоспарланып, ресурстар демографиялық үрдістерге сай бөлінуі тиіс. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға әлеуметтік инфрақұрылымды алдын ала жоспарлау, кадр саясатын экономика сұранысына бейімдеу және бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету тапсырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.