Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы айқындалды

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы айқындалды

2026 жылға арналған квотаның жалпы саны 8 278 адам болып белгіленді

QazMonitor Logo
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

2026 жылы Павлодар облысы – 977, Ақмола облысы – 285, Абай облысы – 264, Шығыс Қазақстан облысы – 200, Солтүстік Қазақстан облысы – 200, Қостанай облысы – 200, Атырау облысы – 125, Батыс Қазақстан облысы – 30 отанына оралған қандасты қабылдайтын болып белгіленді, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал қоныс аударушылар бойынша Солтүстік Қазақстан облысына – 2 820, Павлодар облысына – 1 655, Шығыс Қазақстан облысына – 600, Қостанай облысына – 485, Абай облысына – 275, Ұлытау облысына – 125, Қарағанды облысы – 37 адам саны бекітілді.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға:

  • көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;

  • 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;

  • 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;

  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

  • тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру секілді мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.