Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық оқушылар 2025 жылы халықаралық олимпиадаларда 922 медаль иеленді

Қазақстандық оқушылар 2025 жылы халықаралық олимпиадаларда 922 медаль иеленді

1600-ден астам оқушы әлемдік пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқауларда ел абыройын асқақтатты

QazMonitor Logo
Facebook / Дарын РҒПО
Facebook / Дарын РҒПО

2025 жылы 1 657 қазақстандық оқушы 36 халықаралық пәндік олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, жалпы саны 922 медаль жеңіп алды.Қатысушылардың 60 пайызы жүлдегер атанып, әрбір екінші оқушы халықаралық білім додаларынан олжалы оралды, деп хабарлады QazMonitor-ға «Дарын» РҒПО баспасөз қызметі.

Жыл қорытындысы бойынша еліміздің оқушылары 177 алтын, 329 күміс және 416 қола медаль еншіледі. Сонымен қатар, ұлттық құрама команда жеті беделді халықаралық олимпиадада бақ сынап, 27 медаль иеленді. Оның ішінде 4 алтын, 13 күміс және 10 қола жүлде бар.

Астаналық оқушы Нұргүл Егенбергенова Азия физика олимпиадасында «Үздік қыз қатысушы» атанса, Маңғыстау облысының оқушысы Мендіғали Қалдыбай химия пәні бойынша Менделеев олимпиадасында зертханалық жұмыстардан үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік практик» атағына ие болды. Ал Астанадағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Мұхтархан Батырхан экономика пәнінен халықаралық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек, биылдан бастап халықаралық ғылыми байқауларда жеңімпаз атанған оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне бір реттік сыйақы беру қарастырылған. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.