Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды QazMonitor Акорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлерінің дербес құрамымен мына жерден танысуға болады.
Мемлекеттік стипендия берілген адамдар қатарында жазушы Төлен Әбдікұлы, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ақын, драматург Алтыншаш Жағанова, жазушы Тұрсынжан Шапай, ақын Гүлнәр Салықбай және т.б. бар.
Сонымен қатар өнер қайраткерлерінен опера әншісі Майра Мұхамедқызы, актриса Гүлжан Әспетова, дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов, айтыскер ақын Әсия Беркенова, ақын Жүрсін Ерман, музыкатанушы Ілия Жақанов, актер Досхан Жолжақсынов, күйші Жанғали Жүзбай сынды танымал тұлғалар бар.