Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды

2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды

Биыл мемлекет жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады, деді Президент

QazMonitor Logo
DC Studio / Freepik
DC Studio / Freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауында еліміздің даму бағыттарын айқындап, келесі жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады.

Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық басымдықтары мен алдағы маңызды өзгерістер туралы мәлімдеме жасады. Президенттің айтуынша, алдағы конституциялық реформа мен экономикалық жаңғыру ел болашағы үшін шешуші рөл атқармақ.

«2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін», деді Президент.

Мемлекет басшысы ел экономикасын нығайтудың негізгі бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда: энергетикалық әлеуетті арттыру, су шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелерді шешу, көлік-логистика саласын дамыту, ТҮКШ жүйелерін жаңғырту және жолдарды жөндеу. Сонымен қатар барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, мектептер, ауруханалар, спорт және мәдениет нысандарының құрылысы жалғасатынын атап өтті.

Бұған қоса ол заманауи технологиялардың маңыздылығына тоқталып, жаңа жылдың атауын бекітті.

«Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ», деді Тоқаев.

Оның сөзінше, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері өзгеріссіз қалады. Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау аясында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Биыл үшінші жыл қатарынан әр баланың жеке есепшотына қаражат аударылады.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту мемлекеттің басты назарында қала бермек.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.