Қазақстанда азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі үшін бірыңғай ведомствоаралық УҚТ-радиобайланыс желісі жұмысын бастады. Жаңа жүйе төтенше жағдайлар кезінде күштер мен құралдарды басқарудың жеделдігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін әр өңірде радиобайланыс жүйелері бөлек жұмыс істеп, бірыңғай стандарттың болмауы өңіраралық өзара іс-қимылды қиындатқан. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық ұланның қатысуымен республикалық орталықтандырылған радиожелі құрылды.
Жоба аясында негізгі елді мекендер мен көлік бағыттарын қамтитын базалық станциялар орнатылып, ел аумағының басым бөлігі радиоқамтумен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта жүйе шалғай аймақтарға дейін кеңейтіледі.
2026 жылы облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда қосымша базалық станциялар орнату, сондай-ақ цифрлық және кең жолақты байланыс желілерін бірыңғай коммуникациялық кеңістікке біріктіру жоспарланған.