Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Энергетика министрлігі жанармай бағасына қатысты болжамдарға түсініктеме берді

Энергетика министрлігі жанармай бағасына қатысты болжамдарға түсініктеме берді

Ведомство АИ-92 бензиніне бағаны көтеруге мораторий сақталатынын мәлімдеді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазіргі уақытта елде АИ-92 маркалы бензиннің бағасын көтеруге мораторий күшінде қалып отыр. Бұл шара инфляциялық қысымды тежеу мақсатында енгізілген. Жанармай бағасының күрт өсуі күтілмейді, жағдай мемлекеттің бақылауында, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша,2027 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру процесі кезең-кезеңімен жүзеге асады және ең алдымен заңнамаларды үйлестіруді көздейді. Бағалардың басқа елдермен автоматты түрде теңестірілуі туралы сөз жоқ. Кез келген интеграциялық үдерістер барысында Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен ұлттық мүдде басты басымдық болып қала береді.

Ведомство объективті нарықтық факторларды да ескермеуге болмайтынын айтады. Көршілес елдермен арадағы баға айырмашылығы арзан жанармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына, яғни «сұр» экспортқа жол ашып, ішкі нарықта жасанды тапшылық қаупін тудырады. Бұдан бөлек, қазіргі төмен бағалар салаға инвестиция тарту мүмкіндігін шектеп отыр. Ал мұнай өңдеу саласына Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту, сондай-ақ төртінші мұнай өңдеу зауытын салу үшін қомақты қаражат қажет.

Министрлік мораторий аяқталғаннан кейін нарықтық бағаға көшу үдерісі біртіндеп жүзеге асатынын жеткізді. Барлық шешімдер экономикалық жағдай мен халықтың табысын ескере отырып қабылданады және тұтынушылар үшін күрт өзгерістерге жол берілмейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.