Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлмек

Қазақстан геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлмек

Алдағы үш жылда пайдалы қазбалар мен мұнай-газға перспективалы аумақтар терең зерттеледі

QazMonitor Logo
Pelexs / Renata Jurgutytė Adida
Pelexs / Renata Jurgutytė Adida

Өткен жылы жалпы аумағы 100 мың шаршы шақырымды қамтитын 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім жүргізуге арналған 20 жоба әзірленді, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдағы үш жылда аталған 20 жобаны іске асыруға, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндерде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге және заманауи геологиялық инфрақұрылым қалыптастыруға 240 млрд теңге немесе шамамен 500 млн доллар бағыттау жоспарланып отыр. Бұл ретте соңғы 15 жылда геологиялық зерттеулерге жалпы 469 млн доллар инвестиция салынған.

Жобалар шеңберінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, сондай-ақ далалық жұмыстар кешені жүргізіледі. Учаскелерді іріктеу кезінде пайдалы қазбалар қорының сарқылу деңгейі, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы немесе аздығы және минералдық ресурстардың перспективалылығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит және боксит кен орындарын анықтауға әлеуеті жоғары аумақтар белгіленді.

Сонымен қатар, мұнай-газ саласы үшін перспективалы, бірақ әлі толық зерттелмеген Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделген.

Мамандардың айтуынша, геологиялық зерттеудің бұл ауқымды форматына көшу Еуропалық одақ, Канада, Аустралия және Қытай елдерінің халықаралық тәжірибесіне сай келеді және геологиялық болжамдардың дәлдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.