Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда әр үшінші азамат салауатты өмір салтын ұстанады

Қазақстанда әр үшінші азамат салауатты өмір салтын ұстанады

Ұлттық зерттеу 2025 жылғы он динамиканы көрсетті

QazMonitor Logo
Pexels / Rui Dias
Pexels / Rui Dias

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 35,7%-ы СӨС қағидаттарын сақтайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды QazMonitor.

Сарапшылардың айтуынша, оң динамика азаматтардың денсаулығына деген саналы көзқарасының артқанын көрсетеді. Көптеген адамдар ауруды емдеуден гөрі алдын алуға, физикалық белсенділікке және дұрыс тамақтануға басымдық беріп отыр. 

2025 жылы Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 4 719 денсаулық мектебі жұмыс істеп, оған 1,66 млн-нан астам адам қатысты. Сонымен қатар стационарларда 380 мектеп қызмет көрсетіп, 253 352 адамды қамтыды.

Бұдан бөлек, елде темекіге қарсы 72 орталық пен кабинет қызметіне шамамен 35 мың адам жүгінген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.