Биылғы жылдың алғашқы аптасында баға индексі 0,2 пайызды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп QazMonitor. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей.
2025 жылғы 4 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлардың уақытша кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұрын 19 атаудан тұрған тізім 31 өнімге дейін ұлғайды. Олардың қатарына қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, сиыр, тауық және жылқы еті, сондай-ақ қатты ірімшік кірді.
Кеңейтілген тізбеге енген бірқатар өнімдер бойынша бағаның төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, алма 0,5%-ға, қияр мен қызанақ 0,4%-ға, қатты ірімшік 0,3%-ға, қара шай 0,2%-ға арзандады. Ет пен балық өнімдері 0,1%-ға, қаймақ бағасы да 0,1%-ға төмендеген.
ҚР сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік тауарларға қойылатын максималды сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.