Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Көшпенділер ойынында қазақтың көкпары да өтетін болды

Көшпенділер ойынында қазақтың көкпары да өтетін болды

Былтыр жарияланған бағдарламаға көкпар енбеген болатын

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, шешім Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, қырғызстандық әріптестермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қабылданған. Көкпар мен көкбөрі қазақ пен қырғыз халықтарының ұлттық болмысын айқындайтын маңызды спорт түрлері екені атап өтілді.

Бұған дейін ойындардың ресми тізімінде көкпардың болмауы қоғамда кеңінен талқыланған болатын. Ал өткен жылы жарияланған бағдарламада тек көкбөрі енгізіліп, көкпар шет қалған еді. Бұл мәселе басқа да қатысушы елдер үшін өзекті болды, өйткені көкпар Қазақстаннан бөлек Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты бірқатар мемлекеттерде кең таралған.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді. Жарыс бағдарламасына 43 ұлттық спорт түрі енгізіліп, ойындарға шамамен 100 елдің қатысуы күтіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.