Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астаналық оқушы әлемнің ең беделді 10 университетінен шақырту алды

Астаналық оқушы әлемнің ең беделді 10 университетінен шақырту алды

№9 «Зерде» лицейінің 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі Harvard, Cambridge, Stanford секілді әлемнің ең беделді университеттерінен ресми ұсыныстар жолданды

QazMonitor Logo
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

QazMonitor-дың хабарлауынша, шақырту алған университеттер қатарында Harvard University, Brown University (Ivy League), University of Cambridge, Stanford University, Massachusetts Institute of Technology (MIT) және әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарда тұрған өзге де жетекші жоғары оқу орындары бар. Университеттер оқушының академиялық және зерттеушілік әлеуетін жан-жақты бағалап, соның негізінде шақырған.

Аяланың оқуына ұсынылған қаржылық қолдау жалпы 2 миллион АҚШ долларын құрайды, бұл оқу шығындарын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік бермек.

Талапты оқушының академиялық жолы 8-сыныптан бастау алып, содан бері бірталай халықаралық бағдарламаларға, ғылыми-зерттеу жобаларына тұрақты қатысып келеді. Университеттерден ресми шақырту алғанға дейін ол халықаралық жобаларды іске асырып, нақты инвестиция тартып, нақты нәтижеге қол жеткізген.

Қазіргі таңда Аяла Канадада орналасқан компанияда осы жоба аясында жұмыс істеп, мектептегі оқуын кәсіби қызметімен қатар алып жүр. Сонымен қатар, ол университеттік курстардан өтіп, болашақ академиялық кредиттерді алдын ала меңгеруде.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.