Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан «Жасыл аптада» агроөнеркәсіптік әлеуетін танытты

Қазақстан «Жасыл аптада» агроөнеркәсіптік әлеуетін танытты

Берлинде Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылып, Германия және халықаралық серіктестермен бірқатар келіссөздер өтті

QazMonitor Logo
ҚР Сауда және интеграция министрлігі
ҚР Сауда және интеграция министрлігі

QazMonitor-дың хабарлауынша, Grüne Woche көрмесі аясында Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылып, онда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу, заманауи агротехнологиялар мен экспорттық мүмкіндіктер таныстырылды. Павильон халықаралық серіктестердің жоғары қызығушылығын тудырды.

Global Forum for Food and Agriculture шеңберінде Арман Шаққалиев Германия үкіметі, ДСҰ және салалық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, сауданы кеңейту, аграрлық кооперация, технология трансфері және азық-түлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Kazakhstan – Germany Agro & Water Nexus алаңында су үнемдеу шешімдері мен инновациялық агротехнологиялар бойынша пікір алмасу өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 3,91 млрд АҚШ долларын құрап, Қазақстан экспорты 1,17 млрд долларға жетті. Тараптар алдағы айларда бірлескен бизнес-кездесулер мен Германия делегациясының Қазақстанға сапарын өткізуге уағдаласты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.