Астана-1 вокзалының жаңа бөлігін қайта жаңарту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor. Жаңғырту нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағы 7 827 шаршы метрден 8 409 шаршы метрге дейін ұлғаяды.
Жоба аясында заманауи инженерлік және цифрлық шешімдер енгізіліп, жолаушылар легінің өсуі, қауіпсіздік пен жайлылық талаптары ескеріледі. Қайта жаңарту кезеңінде жолаушыларға вокзалдың ескі бөлігінде қызмет көрсетілуде.
Тарихи-мәдени мұра нысаны саналатын ескі бөлікті алдағы уақытта «Қазреставрация» ШЖҚ РМК заңнама талаптарына сай қайта жаңғыртады. Қазіргі таңда ғимаратты кейінгі жаңғыртуға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоба теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.