Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы зообағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады

Алматы зообағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады

Жиналған ағаштар жануарларға азық, ойыншық ретінде пайдаланылды

QazMonitor Logo
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматынң хайуанаттар бағында 8–18 қаңтар аралығында өткен «Шыршаны тапсыр» экологиялық акциясы аяқталды. Шараға қала тұрғындары мен бірнеше гүл дүкенін қоса алғанда, 50-ден астам адам қатысқан, деп хабарлайды QazMonitor.

Алматы хайуанаттар бағының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Ақжами Елеманованың айтуынша, мұндай бастамалар жануарлардың мінез-құлқын байытуда маңызды рөл атқарады.

«Жануарлар үшін бұл қорек қана емес, сонымен бірге мекен ету ортасын жақсартуда маңызы зор: вольердегі әрбір жаңа зат – жаңа иіс, жаңа дәм және зерттеуге мүмкіндік», – деді Елеманова.

Акция аясында алматылықтар жаңа жылдық табиғи шырша, майқарағай және қарағай ағаштарын зообаққа өткізді. Жиналған қылқанжапырақты ағаштар жануарлардың мекен ету ортасын байытуға бағытталды. Атап айтқанда, тұяқты жануарлардың кей түрлері үшін бұл — қосымша азық көзі болса, маймылдар, жолбарыстар, аюлар мен леопардтар үшін табиғи «ойыншық» ретінде қолданылды.

Сонымен қатар шырша бұтақтары харзаларға, атжалмандарға, кірпілерге және жайраларға жұмсақ төсеніш қызметін атқарды. Тапсырылған ағаштардың ішінде тамыр жүйесі сақталған үш шырша бар. Олар хайуанаттар бағы аумағына отырғызылмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.