Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Тұлғалар
  3. Қазақстанда топинамбур және мия тамыры негізінде биологиялық қоспа жасалды

Қазақстанда топинамбур және мия тамыры негізінде биологиялық қоспа жасалды

Иммунитет пен қант деңгейін жақсартатын отандық ғалымдардың жаңа өнімі нарыққа шықпақ

QazMonitor Logo
Pixabay/pexels
Pixabay/pexels

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары иммуномодуляциялық бағыттағы жаңа отандық биологиялық белсенді қоспаны (ББҚ) әзірлеп жатыр. Жаңа өнім иммунитетті нығайтуға және диабеттің алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды QazMonitor.

Қоспа тек табиғи өсімдік тектес шикізат негізінде жасалып жатыр. Өнімнің құрамына ғылыми тұрғыдан негізделген қасиеттері бар топинамбур - инулиннің табиғи көзі, өнген сұлы мен арпа — β-глюкандар мен дәрумендерге бай, мия тамыры — қабынуға қарсы әлеуетті қоспалар енгізілген.

Ғалымдардың пайымынша, ингредиенттердің бұл үйлесімі рациондағы көкөніс пен жеміс-жидек тапшылығын ішінара толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағзаны макро және микроэлементтермен (кальций, магний, калий, темір, мырыш) әрі алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдарымен қамтамасыз етеді.

Жаңа ББҚ иммунитетті жұмсақ түрде модуляциялау және ағзаның қорғаныс күшін нығайту, көмірсу алмасуын қолдау, бұл өнімді қант диабеті және метаболизм бұзылыстары кезінде өзекті ету, пребиотиктердің жоғары мөлшері есебінен ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру сияқты бірқатар мәселелерді бір уақытта шешеді.

Өнімнің күнде 3 капсуласын қабылдау инулиннің тәуліктік қажеттілігінің 3,2%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жаңа ББҚ үлгілері зертханалық сынақтардың негізгі кезеңдерінен өтті. Атап айтқанда, физика-химиялық талдау ылғалдылық, ферменттер белсенділігі көрсеткіштерінің нормативтерге сәйкестігін және инулин мөлшерінің тұрақтылығын растады. Сонымен қатар микробиологиялық бақылау өнімнің қауіпсіз екенін және патогенді микроорганизмдердің жоқтығын дәлелдеді.

Биыл ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды кезеңі. Келесі жылы жоба ауқымдылығын арттырып, нарыққа шығару және өнеркәсіптік өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта жаңа ББҚ және оның қосылған функционалды тағам өнімдері еліміздің дәріханалары мен пайдалы тағам дүкендерінде қолжетімді болады деп күтіліп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.