Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Тұлғалар
  3. Аягөздік оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт ойлап тапты

Аягөздік оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт ойлап тапты

Оқушы пластик қалдықтарынан жасалған, 25 жылға дейін шыдайтын бірегей эко-асфальт жобасын таныстырды

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Бұл технология жол сапасын жақсартып қана қоймай, экологияны сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба аясында жолды автоматты түрде жөндейтін роботтар жүйесі де қарастырылған, деп хабарлайды QazMonitor.

Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынын дайындаудың тиімді әдісін ұсынды.

Жас зерттеуші бұл жобамен 7-сыныптан бастап айналысып келеді. Нәтижесінде ол тұрмыстық пластикті арнайы өңдеп, асфальт құрамына енгізу тәсілін әзірледі. Бұл әдіс жол жабынының беріктігін арттырып, қызмет ету мерзімін ұзартады.

Мұндай жолдар орта есеппен 12–18 жылға дейін жөндеуді қажет етпейді. Ал сапасы жоғары түрлері 20–25 жылға дейін шыдай алады. Сонымен қатар, эко-асфальт дәстүрлі жол жабынына қарағанда әлдеқайда үнемді.

Жобаның тағы бір ерекшелігі – жол сапасын бақылауды автоматтандыру болып отыр. Екінші кезеңде Аружан арнайы автономды роботтар жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтаса, «В» роботы оларды жедел жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, жөндеу шығындарын азайтуға жол ашады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.