Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Тұлғалар
  3. Қазақстандық ғалым мұнай-газ саласына арналған робот жасады

Қазақстандық ғалым мұнай-газ саласына арналған робот жасады

ARGUS роботы адам бара алмайтын қауіпті жерлерде жұмым істей алады

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Utebayev University магистранты Алмаз Қадырбек мұнай-газ саласына арналған ARGUS автономды роботын таныстырды. 8×8 доңғалақты платформа қауіпті аймақтарда адамды алмастырып, ауыр жүк тасымалдауға қауқарлы, деп хабарлайды QazMonitor.

Autonomous Robotic Ground Universal System (ARGUS) роботы адам бара алмайтын аймақтарда жұмыс істей алады, қауіпті жағдайларда тиімді шешім ұсынып, ауыр жүктерді тасымалдауға арналған.

ARGUS – интеллектуалды модульдік платформа. Жобаның авторы – магистрант Алмаз Қадырбек, ғылыми жетекшісі – профессор Ақмарал Қонарбаева. Бұл жоба заманауи инженерлік шешімдер мен жоғары технологияларды біріктіретін кешенді жүйе болып отыр.

Жоба идеясы автордың студенттік кезеңінде қалыптасқан. Бакалавриатта білім алу барысында дуалды оқыту бағдарламасы аясында өндірісте жұмыс істей жүріп, ауыр электр қозғалтқыштарын тасымалдаудағы қиындықтарды байқаған. Осы тәжірибе өндірістік мәселені шешуге бағытталған роботтық платформаны әзірлеуге негіз болды.

Роботтың негізгі ерекшелігі – 8×8 доңғалақ формуласы. Бұл шешім құрылғының күрделі рельефте, құмды және тасты жерлерде еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Әрбір доңғалақ жеке электр жетегімен жабдықталған, бұл маневрлік қабілетін арттырып, платформаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ол өндірістік нысандарда, әсіресе мұнай-газ саласында адам өміріне қауіп төндіретін аймақтар жеткілікті. Қашықтан басқарылатын жүйе цехтар мен қоймалар арасында жабдықтарды тасымалдап, логистикалық шығындарды азайтуға ықпал етеді. Болашақта робот толық автономды навигация жүйесімен жабдықталып, дербес шешім қабылдау деңгейіне жетеді деп күтіледі.

Жобаның әлеуеті тек университет деңгейінде ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. Мәселен, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өткен «Өндірістік робототехниканың жаңа дәуірі» байқауында ARGUS еліміздің түкпір-түкпірінен ұсынылған 252 жоба арасынан үздік жобалардың қатарына енді.

Қазіргі уақытта роботтың демонстрациялық прототипін құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның механикалық құрылымы дайын, ал жетек модульдерін біріктіру кезеңі жүзеге асырылуда. Жас ғалымның алдағы жоспарлары ауқымды. Айта кетейік, Алмаз Қадырбек болашақта ұшқышсыз ұшу аппаратын әзірлеуді жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.