Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Милан-2026: тау шаңғысынан Қазақстан атынан қатысатын спортшылар анықталды

Милан-2026: тау шаңғысынан Қазақстан атынан қатысатын спортшылар анықталды

Александра Скороходова мен Ростислав Хохлов қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

QazMonitor Logo
olympic.kz
olympic.kz

Тау шаңғысы спортынан 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды QazMonitor. Әйелдер арасында Олимпиада жолдамасын Александра Скороходова жеңіп алды. Ол слалом, гигант слалом және супер-гигант дисциплиналары бойынша бақ сынайды.

Ерлер бәсекесінде Қазақстан атынан Ростислав Хохлов өнер көрсетеді. Ол слалом мен гигант слалом сайыстарына қатысады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазіргі таңда Қазақстан бірнеше спорт түрі бойынша Олимпиада лицензияларына ие. Атап айтқанда, биатлоннан Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Милана Генева және Айша Рақышева жолдама алды.

Конькимен жүгіру спортынан Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова және Арина Ильященко Олимпиадаға қатысады.

Шорт-тректен Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова мен Яна Хан лицензия иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ фристайл-акробатикадан Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас Милан-2026 ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.