Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. «Қайрат» Лондонда «Арсеналдан» жеңілді

«Қайрат» Лондонда «Арсеналдан» жеңілді

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін соңғы орынмен аяқтады

QazMonitor Logo
sports.kz
sports.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчта қонақта Лондонның «Арсенал» командасымен кездесті, деп хабарлайды QazMonitor. Ойын «Эмирейтс» стадионында өтіп, матчты швейцариялық төреші Урс Шнидер басқарды.

Кездесудің 2-минутында Виктор Дьёкереш есеп ашты. Араға бірнеше минут салып, Риккардо Калафьоридің айып алаңындағы ережені бұзуынан кейін Жоржиньо пенальтиден таразы басын теңестірді. Алайда бірінші таймда Кай Хаверц пен Габриэль Мартинелли тағы екі гол соғып, «Арсенал» алға шықты. Екінші таймда ойын барысы өзгермей, матч 3:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Қайрат» жалпы кезеңді 1 ұпаймен тәмамдап, турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.