Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен кетті

Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен кетті

Боксер басқармаға 2024 жылы басшы болып тағайындалған болатын

QazMonitor Logo
instagram / serik_sapiyev
instagram / serik_sapiyev

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды QazMonitor.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, Сәпиевпен бірге оның орынбасары Дәурен Есімханов та, қызметінен өз еркімен босатылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Серік Сәпиев пен орынбасары арасында жанжал туындаған. Сәпиевтің аталған жағдайға байланысты полицияға арызданғаны белгілі болды.

Кейін Олимпиада чемпионы ықпалды адамдар тарапынан облыс спортындағы кадр саясатына қысым жасалғанын мәлімдеді.

«Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», деді Серік Сәпиев.

Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пікір білдіріп, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасамауға шақырған болатын.

«Тәртіп бұзушылық бар, және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», деді өңір басшысы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.