Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. 2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Құжатқа осы аптада Миланда қол қойылады деп күтілуде

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Азия Олимпиадалық кеңесі 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізу орны ретінде Алматы қаласын таңдады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Ойындарды өткізу туралы келісімге ағымдағы жылдың 5 ақпанында Миланда қол қою жоспарланған.

Алматы бұған дейін 2011 жылы (Астанамен бірлесіп) Қысқы Азияданы және 2017 жылы Қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізген болатын.

Еске салсақ, Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025 жылғы Азия ойындарында отандық спортшылар айтарлықтай нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға тұрақтаған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.