Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындары: Ашылу салтанатының ең қызықты сәттері

Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындары: Ашылу салтанатының ең қызықты сәттері

XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылуында не болды?

QazMonitor Logo
 gov.kz
gov.kz

Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Биыл Олимпиада тарихында алғаш рет алау екі жерде бір уақытта жағылды. Олар – Миландағы салтанат қақпасы мен Кортина-д’Ампеццодағы Пьяцца Ди-бона алаңы.

Ұлттық құрамалар шеруінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шорт-тректен өнер көрсететін Денис Никиша мен фристайл-могул спортшысы Аяулым Әмренова алып шықты. Ерекшелігі – ашылу рәсімі бір мезгілде төрт локацияда ұйымдастырылды. Денис Никиша Миланда өткен салтанатқа қатысса, Аяулым Әмренова шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды.

Айта кетейік, Милан–Кортина Олимпиадасында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Жалпы жарысқа 93 мемлекеттен шамамен 3 мыңға жуық атлет қатысып, 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады.а 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Жалпы жарысқа 93 мемлекеттен шамамен 3 мыңға жуық атлет қатысып, 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады.

XXV қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады. Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін барлық жарыстарды отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді.

Instagram / turizm_sport_ministrligi
Instagram / turizm_sport_ministrligi

Салтанатты кештің басты тақырыбы - Armonia (Гармония). Бұл спортты, өнерді және инновацияны біріктіретін үйлесімділік ұғымын білдіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Armonia – құндылықтарды бейне, дыбыс пен сезім арқылы жеткізу қабілеті. Бұл - Италияның шынайы болмысын, оның өнерін, шығармашылығын танытатын ерекше сапар.

Instagram / turizm_sport_ministrligi
Instagram / turizm_sport_ministrligi

Шоу Италияның көркем әлемін әсерлі етіп көрсетеді: Леонардо да Винчи мен ұлы өнертапқыштардың мұрасынан бастап, заманауи дизайн, музыка мен сән-салтанатқа дейінгі элементтер қамтылады. Бұрынғы Олимпиадалардағы ауқымды қойылымдарымен танымал Марко Балич креативті топ пен режиссерлерді басқарады.

Рәсім барысында 2025 жылы өмірден өткен әйгілі сәнгер Джорджо Арманиге арналған еске алу бөліміне де ерекше орын беріледі. Оның Emporio Armani (EA7) бренді ұзақ жылдар бойы Италияның Олимпиада және Паралимпиада құрамаларына спорттық киім әзірлеп келген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.