Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QazMonitor ҚР ҰОК сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев финалға дейін шығып, күміс жүлдегер атанды.
Ал 60 келіге дейінгі салмақтарда Ербол Камалиев пен Аманғали Бекболатов қола медальға қол жеткізді. Сонымен қатар, Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Олжас Сырлыбай (130 кг) жарысты қола жүлдемен аяқтады.