Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. София Шульженко Азия чемпионатында екі алтын алды

София Шульженко Азия чемпионатында екі алтын алды

Қазақстан құрамасы Делиде өтіп жатқан құрлық біріншілігінде әйелдер арасында командалық есепте де топ жарды

QazMonitor Logo
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды QazMonitor. Жарыста София Шульженко жеке және командалық сында үздік нәтиже көрсетті.

Әйелдер арасында 50 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен үш позицияда нысана көздеуден өткен жеке жарыста София Шульженко жеңіске жетті. Финалда ол 358,2 ұпай жинап, әлем және Азия рекордын жаңартты. Осылайша, қазақстандық мерген бұл жаттығуда ересектер мен жасөспірімдер санатында рекорд иесі атанды. Күміс және қола жүлделер Үндістан спортшыларына бұйырды.

Командалық есепте София Шульженко, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова финалда өнер көрсетіп, 1760 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлық чемпионатында толық басымдық танытты.

Айта кетейік, Азия чемпионаты ересектер, жастар және жасөспірімдер санатында өтуде. Биылғы бәсекеге Азияның 20 елінен 320 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы атынан үш жас санатында 47 мерген сынға түсуде. Ересектер құрамасының бас бапкері — Ольга Довгун. Жарыс 13 ақпанда аяқталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.