Абай облысы әкімі Берік Уәли KAZ Minerals Тобының басшылығы және «Елімай» футбол клубының өкілдерімен кездесіп, өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылғы маусымда облыс атынан UEFA Конференциялар лигасына қатысатын клубтың алдағы даму болашағын талқылады, деп хабарлайды QazMonitor.
Атап айтқанда инфрақұрылымдық базаны дамытуға, жас футболшыларды даярлауға және алдағы маусымдарда клубтың жүйелі жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
Бұған қоса компания клубтың қызметін ұйымдастыруға, соның ішінде клуб командаларының Қазақстан Республикасының ішкі жарыстарына және Еурокубоктарға қатысуын қамтамасыз етуге қатысты міндеттемелерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар футболды және өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзара іс-қимыл форматтарын одан әрі пысықтау және бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.