Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Михаил Шайдоров ISU халықаралық сыйлығына үміткер атанды

Михаил Шайдоров ISU халықаралық сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандықтар дауыс беру процессіне қатыса алады

QazMonitor Logo
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU Figure Skating Awards 2026 халықаралық марапатында «Үздік костюм» номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды QazMonitor.

Аталған марапатты International Skating Union (ISU) ұйымдастырады. Бұл марапат мәнерлеп сырғанау әлеміндегі «Оскар» сыйлығымен теңестіріледі. Ол жыл сайын маусымның ең үздік спортшыларын, үздік бағдарламаларын және ерекше шығармашылық шешімдерін анықтау мақсатында өткізіледі. Шайдоровтың биылғы маусымдағы образы мамандар мен жанкүйерлердің жоғары бағасын алып, әлемдік деңгейдегі үздік костюмдердің қатарынан көрінді.

Қазіргі таңда ISU-дың ресми платформасында онлайн дауыс беру процесі қызу жүріп жатыр. Марапат иесін анықтауда жанкүйерлердің дауысы маңызды рөл атқарады. Қазақстандық жанкүйерлердің Михаилды қолдап, оның әлемдік деңгейде мойындалуына үлес қосуға мүмкіндігі бар. Дауыс беру процесі ISU-дың арнайы платформасында жүзеге асырылуда.

Михаил Шайдоровтың биылғы маусымдағы жетістігі

Мәнерлеп сырғанаушы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 92,94 ұпай нәтижесімен бесінші орында тұрған еді.

Еркін бағдарламада ол 198,64 ұпай жинап, жалпы нәтижесін 291,58 ұпайға жеткізді. Өз өнері барысында Шайдоров бес төрттік секіруді орындады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.