Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астанада Паралимпиаданың екі медаль иегері Ербол Хамитовты күтіп алды

Астанада Паралимпиаданың екі медаль иегері Ербол Хамитовты күтіп алды

Қазақстан тұңғыш рет қысқы Паралимпиадада екі медаль алды

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Астаналықтар пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QazMonitor.

Спортшыны күтіп алуға жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері келді.

«Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз», деді спортшыларды күтіп алуға келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Салтанатта шарада демеушілер Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады.

Спортшы да жанкүйерлеріне алғысын айтыа, бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.

Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6–15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.