Атырау қаласында 20-29 наурыз аралығында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды QazMonitor.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас ойыншылар бақ сынаған додада Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижелерімен көзге түсті.
Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен Нұрсая Ұстазхан қарсыластарынан оқ бойы озып, ел чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бағдарламасында Айару Қалдыбекова күміс жүлдеге ие болды. Ал осы жас санатындағы классика түрінде Азеля Әбдірали қола медаль жеңіп алды.