Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астанада 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

Астанада 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

Марафоншы Кейптаундағы жарысқа қатысып, 42,2 шақырымды жүгіріп өткен

QazMonitor Logo
Фото: Спорт министрлігі
Фото: Спорт министрлігі

Астанада Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, елге оралған ардагер спортшы, 80 жастағы марафон шебері Салтанат Түйтебаевты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Жарыс барысында жарақат алғанына қарамастан, елордалық спортшы толық марафон қашықтығын — 42,2 шақырымды сәтті еңсеріп, қайсарлықтың, төзімділіктің және спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Салтанат Түйтебаев — белсенді өмір салты мен бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып жүрген жарқын тұлға. 2025 жылы отандасымыз Нью-Йорк марафонында 80–89 жас санатында чемпион атанып, жарысты 4 сағат 45 минутта аяқтаған. Ал 2021 жылы 75–79 жас санатында күміс жүлдеге ие болды.

Салтанатты қарсы алу рәсіміне спорт саласының өкілдері, спорт ардагерлері, спортшының туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттаудың маңызына тоқталды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.