Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астанада республикалық бәйге өтті

Астанада республикалық бәйге өтті

Бәйгені тамашалауға 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Астанада республикалық бәйге өтті

Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орай республикалық бәйге жарысы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.

Бәйге жарысын тамашалауға 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық «Құнан» бәйге, 16 шақырымдық «Топ» бәйге және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей «Changan» автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.

Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды іс-шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді. 8,5 мыңнан астам адамның басын қосқан бәйге ұлттық құндылықтарды насихаттаудың және ат спортына деген халық ықыласын арттырудың маңызды алаңына айналды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.