Астаналықтар ашық аспан астында йога жаттығуын жасады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Денсаулықты нығайтуға арналған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен іске асты.
Алғашқы жаттығуға 40-тан астам елордалық қатысты. Астана қаласы әкімдігінің спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербайдың айтуынша, жаттығуды тәжірибелі тренерлер өткізеді.
«Салауатты ұлт – ел болашағының кепілі. Мұндағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Жаттығу барысында шараға қатысушылар білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен дене дайындығын жақсартуға бағытталған жаттығулар жасады. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кеткенім жөн болар», – деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша йога сабақтары үш ай бойы өткізіледі, қатысу тегін.