Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. ALMATY MOVE: Алматыда тегін спорттық жаттығуларға 100-ге жуық адам қатысты

ALMATY MOVE: Алматыда тегін спорттық жаттығуларға 100-ге жуық адам қатысты

Жоба аясында тұрғындар саябақтарда йога мен стретчингпен айналысты

QazMonitor Logo
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қалалық Спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ALMATY MOVE жобасы аясындағы тегін спорттық жаттығулар жалғасып жатыр. Жоба бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Өткен жексенбіде қаланың екі саябағында өткен ашық жаттығуларға 100-ге жуық алматылық қатысты. Таңғы сағат 09:00-де 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта йога сабағы ұйымдастырылса, дәл осы уақытта Тұңғыш Президент қоры саябағында стретчинг бойынша жаттығу өтті.

Қатысушылар демалыс күнін таза ауада белсенді өткізіп, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алды. Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, мұндай бастамалар спортты баршаға қолжетімді етіп, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.

Жоба алдағы уақытта да қаланың әртүрлі аудандарында жалғасады. Тегін жаттығулардың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат ALMATY MOVE жобасы мен Алматы қаласы Спорт басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.