Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Алматыға халықаралық марафонына 60-тан астам елдің желаяқтары келеді

Алматыға халықаралық марафонына 60-тан астам елдің желаяқтары келеді

27 қыркүйекте Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді

QazMonitor Logo
Eddson Lens / pexels
Eddson Lens / pexels

Биыл халықаралық жүгіру додасына 60-тан астам мемлекеттен 16 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Марафонды Алматы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Жарысқа әлемнің әр қиырынан спортшылар келеді. Ең шалғай нүктелер қатарында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто бар. Қазіргі дерекке сәйкес, шетелдік қатысушылардың көбі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдан келеді. Бұдан бөлек, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Беларусь, Германия, Украина және өзге мемлекеттердің жүгірушілері тіркелген. Марафонның танымал шетелдік қатысушыларының бірі – 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи. Жапониялық спортшы Қазақстан мен Орталық Азияға алғаш рет келіп, Алматыда 42,2 шақырымдық марафон қашықтығын бағындырады.

Мерейтойлық жарысқа байланысты барлық қашықтықтың бағыты жаңартылған. 42,2 шақырымдық марафон трассасы биыл алғаш рет бір айналымнан тұрады. Жүгірушілер Абай даңғылымен Момышұлы көшесіне дейін жетіп, кері бағытта қозғалады. Одан әрі маршрут Достық даңғылы, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы, Наурызбай батыр және Сәтбаев көшелері арқылы өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәреге жетеді.

Былтыр Almaty Marathon-ға 60 мемлекеттен 1 363 шетелдік спортшы қатысқан. Жарыстан кейін жүргізілген сауалнамада олардың 79,3%-ы Алматыға тағы да келуге ниетті екенін білдірген.

Almaty Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Сондай-ақ жарыс түркі халықтарының марафондарын біріктіретін TAN альянсының құрамына кіреді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.