Ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекітіліп, қазіргі уақытта ол Халықаралық Олимпиада комитетінде келісілуде, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оған Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты киім үлгісі, жарыс кезеңінде киетін жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті киюге арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.