Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 санатындағы халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып QazMonitor.
Турнирдің шешуші финалдық кездесуінде қазақстандық теннисші Италия өкілі Лоренцо Музеттимен кездесті. Тартысты өткен матчта Александр Бублик қарсыласынан басым түсіп, кездесуді 7:6, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.