Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін бекітті, деп хабарлайды QazMonitor.
Әлемдік дода 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді
Аталған халықаралық жарыста ел намысын Тамерлан Жолдас, Анастасия Галечина, Богдан Вехов, Гүлдана Жалмұхан, Павел Цой, Полина Омельчук, Қасымбек Асылхан және Нұрия Алпысбай қорғайды.