Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Алматы корей телехикаясының жаңа локациясына айналды

Алматы корей телехикаясының жаңа локациясына айналды

Оңтүстік Кореядағы ең танымал тележобалардың бірі мегаполистің туристік нысандарында түсірілім жүргізді

QazMonitor Logo
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда оңтүстіккореялық жоғары рейтингке ие жобалардың бірі – «Менің кішкентай бойдақ жігітім» (SBS) телешоуының түсірілім алаңына айналды, деп хабарлайды QazMonitor.

Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орындарда түсірілді.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыға арналған арнайы шығарылым 2026 жылғы ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланып отыр.

«Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты, тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл — ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер сыйлайды», — деді жобаның режиссер-операторы.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы түсірілім жұмыстарына Almaty Tourism Bureau командасы қолдау көрсетіп, ұйымдастыру процесін қамтамасыз етті. Жоба халықаралық деңгейдегі маңызды ақпараттық оқиғаға айналып, шетелдік аудиторияның Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылығын арттырмақ. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.