Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. 1,8 млн адамға шектеу және 4 облыста жаңа казино: Министрліктің эксклюзивті жоспары

1,8 млн адамға шектеу және 4 облыста жаңа казино: Министрліктің эксклюзивті жоспары

Қазақстан лудоманиямен қалай күресіп жатыр?

QazMonitor Logo
freepik
freepik

2025 жылы Қазақстанда борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегі 1,8 миллионнан астам азаматтың құмар ойындарға қатысуына ресми түрде шектеу қойылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ведомствоның алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қорғауға бағытталған ауқымды қадам. Сондай-ақ букмекерлік қызметтегі қаржылық айналымдардың ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін бірыңғай есепке алу жүйесі енгізілгенін атап өтті. Бұл цифрлық платформа букмекерлік кеңселер клиенттерін сәйкестендіруге, төлемдерді өңдеуге мүмкіндік береді.

«Жүйе автоматты түрде заңсыз букмекерлік сайттар мен интернет-казиноларды анықтап, оларды бұғаттауға жолдайды. Осыған байланысты букмекерлік кеңселердің ақпараттық-бағдарламалық кешендерін бірыңғай есепке алу жүйесіне қосу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Сонымен бірге азаматтардың дербес деректерін қорғау мақсатында букмекерлік кеңселерді өздерінің бағдарламалық ақпараттық кешендерінің Министрліктің немесе цифрландыру саласындағы уәкілетті органның серверлерінде орналастыруды міндеттеу бойынша мүмкіндігін қарастыру қажет», деді Мырзабосынов.

Министрдің мәліметінше, Қазақстандағы бірыңғай лоторея операторы «Сәтті Жұлдыз» АҚ соңғы үш жылда спортты дамытуға, креативті индустрияларды қолдауға және «Қазақстан халқына» қорына жалпы көлемі 22,6 миллиард теңге қаржы аударды. Сала басшысы бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін букмеккерлік кеңселерден аударылатын міндетті төлемдердің мөлшерін және олардың бөліну пропорцияларын нақты айқындауды тапсырды.

Бұған қоса, министр төрт өңірде жаңа казинолар ашылатынын атап өтті, оның пікірінше, бұл туризмнің дамуына септігін тигізеді. Өйткені Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жоспарланған казинолар тек шетел азаматтарына арналған.

«Казино нысандары шетелдік туристерді тартудың қосымша тетігі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты тиісті заңнамалық түзетулер қабылдап, әкімдіктермен бірлесіп инвесторлар тарту, инфрақұрылымды дамыту және кадрлар даярлау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажет», деді министр.

Ведоствоның жақын арада ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ақ тізімін енгізу және бұл тізімге кірмеген субъектілерге төлемдер жүргізуге тыйым салу жөніндегі заңнамалық түзетулерді қабылдаумен айналысатыны белгілі болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.