Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Жетісу облысында экотуризм бағытында үш экопарк салынады

Жетісу облысында экотуризм бағытында үш экопарк салынады

Талдықорғандағы «Тасбақа», Текелідегі «Черкасай» және Сарқандағы «Қойтас» туризмді дамытуға серпін бермек

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Жетісу облысында экотуризм бағытында үш экопарк салынады

Жетісу облысында туризмді дамыту мақсатында 2026 жылы үш бірдей экопарк құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа демалыс орындары Талдықорған, Текелі және Сарқан қалаларында бой көтереді

Талдықорған қаласы аумағындағы «Тасбақа» экопаркінің көлемі 38 гектарды құрайды. Аталған аумақ тарихи-мәдени нысан ретінде қорғалатын жерлер тізіміне енгізілген. Мұнда шолу алаңы, автотұрақ, беседкалар, санитарлық тораптар, орындықтар мен қоқыс контейнерлері орнатылады. Экопарк қала тұрғындары мен қонақтарына біркүндік және демалыс күндеріндегі тынығуға қолайлы болмақ.

Текелі қаласының маңында 21 гектар аумақта «Черкасай» экопаркі ашылады. Ол отбасылық және белсенді демалысқа бағытталады.

Ал Сарқан қаласындағы «Қойтас» паркіне экопарк мәртебесі берілмек. Табиғи ландшафты сақталған бұл аумақта «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде өсетін ағаштар отырғызылып, жануарлар мүсіндері орнатылған.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаевтың айтуынша, аталған үш жоба өңірдегі экологиялық және мәдени-танымдық туризмнің дамуына жаңа серпін береді.

Фотосуреттер: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Олжас Құрмашев, Қанат Байдрахымов, Торғын Тұрлыбаева

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.