Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстандық саяхат блогері WIBA Awards 2026 жүлдесіне ие болды

Қазақстандық саяхат блогері WIBA Awards 2026 жүлдесіне ие болды

Дастан Мұхамедрахим әлемдік инфлюенсерлер қатарына енді

QazMonitor Logo
bydastann
bydastann

Танымал қазақстандық видеограф әрі саяхат блогері Дастан Мұхамедрахим (әлеуметтік желіде @bydastann) әлемнің ең үздік саяхат блогері атанды, деп хабарлайды QazMonitor. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Марапат 2026 жылғы Cannes WIBA Awards байқауы бойынша берілді. Аталмыш жоба жыл сайын әлемнің ең ықпалды блогерлерін анықтайды. Бұл жерде Дастан өткен жылдардағы @khaby00, @cznburak және @nusr_et секілді әлемдік деңгейдегі инфлюенсерлер қатарында таныстырылған.

Блогер өзінің жазбасында бұл марапатқа қол жеткізгеніне асқан қуаныш сезімін білдірді және 22 мамырда Францияның Канн қаласында өтетін ресми марапаттау кешіне қатысатынын айтты.

Дастан Мұхамедрахим Instagram мен басқа да платформаларда Қазақстанның сұлу табиғатын, бай мәдениетін көркем әрі әсерлі түрде көрсететін видеоларымен танылған. Оның контенті халықаралық аудиторияның қызығушылығын арттырып, еліміздің табиғи сұлулығын әлемдік деңгейде танытуға үлес қосып келеді.

 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.