Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Алматы тау кластері Австрия мен Франция курорттарының үлгісі бойынша дамытылады

Алматы тау кластері Австрия мен Франция курорттарының үлгісі бойынша дамытылады

Тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форумда Алматы тау кластерінің әлеуеті таныстырылды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Almaty Tau Management компаниясының басқарма төрағасы Жан-Пьер Барало Алматы тау кластерін қалыптастыру мүмкіндігіне тоқталып, тау курорттарын дамытудың халықаралық үлгілерін таныстырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ол Франция мен Австрия тәжірибесін мысалға келтірді. Бұл елдерде курорттар бірыңғай инфрақұрылымдық жүйеге біріктіру арқылы туристік саланың тұрақты өсімі қамтамасыз етілген, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі артқан. Сарапшы кластерлік модель туризмді дамыту құралы ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өсудің тиімді тетігі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Барало тау кластерлерінің қалалық ортаның дамуына әсері туралы айтты. Мұндай жобалар бизнестің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

«Тау кластерінің дамуы тұрмыс сапасының өзгеруімен тікелей байланысты. Заманауи курорттық аймақтар экономикалық белсенділік нүктесіне айналып, қызмет көрсету саласына сұранысты арттырады, жұмыс орындарын құрады және туристер мен жергілікті тұрғындарға қажет инфрақұрылымның дамуын жеделдетеді», деді сарапшы.

Сондықтан тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін таулы аумақтарды дамытуда стратегиялық әрі ұзақ мерзімді көзқарас қажет екенін жеткізді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.