2026 жылғы 20-25 наурызда Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын бірлескен туристік сапар ұйымдастырылады, деп хабарлайды QazMonitor.
Jibek Joly халықаралық туристік жобасы жаңа сапарына шығып, Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы бағыты бойынша бірлескен трансшекаралық бағдарды жүзеге асырады. Сапар 2026 жылғы 20-25 наурыз күндері өтеді.
Саяхатшылар бірнеше күн ішінде өңірдегі тарихи-мәдени және рухани орталықтармен танысып, әр елдің дәстүрлері мен мәдениетін көре алады.
Сапар бағдарламасына Түркістан қаласы, Самарқанд, Душанбе және Ташкент қалаларына экскурсиялар, тарихи-мәдени мұра нысандарын аралау және мәдени іс-шаралар кіреді. Бұл жоба Орталық Азия елдері арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен трансшекаралық бағыттарды насихаттауға бағытталған.