Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Маралды және Тұзқала: Павлодардың танымал болып жатқан жаңа туристік бағыттар

Маралды және Тұзқала: Павлодардың танымал болып жатқан жаңа туристік бағыттар

Биыл туристер санын 282 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр

QazMonitor Logo
Фото: Валерий Бугаев
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов Баянауылда өңірдің жазғы туристік маусымға дайындық мәселесі бойынша көшпелі жиналыс өткізді, деп хабарлайды QazMonitor.

Былтыр Павлодар облысына 240 мыңнан астам турист келген. Облыс әкімдігінің мәліметінше, келушілердің 160 мыңнан астамы Баянауыл курорттық аймағын таңдаған.

Биыл туристер санын 282 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте шетелдік туристер ағынын үш еседен астам арттыруға ерекше мән берілуде. Мұндай ауқымды көрсеткіштер инфрақұрылымды дамыту арқылы нығайтылуда: демалыс орындары 7% өсіп, 10 мыңнан астам төсек-орынға жетті, ал көрсетілген қызмет көлемі 28%-ға артты.

«2025 жылы салаға тартылған инвестиция көлемі 21,4 млрд теңгені құрап, жоспардан айтарлықтай асып түсті. 2026 жылы да өсім жалғасады деп күтілуде», делінген ақпаратта.

Облыс әкімігің сөзінше, инфрақұрылым жеткілікті деңгейде дамымаған: толыққанды кәріз жүйесі жоқ, автотұрақтар, жарықтандыру, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулет нысандары жеткіліксіз.

Сонымен қатар қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Су көліктеріне бақылауды күшейту және балаларға арналған шомылу аймақтарына ерекше назар аудару қажет.

Бүгінде өңірде 45 жағажай жұмыс істйді, олардың 18-і жабдықталып, кәсіпкерлерге бекітілген. Туристік аймақтарда қауіпсіздік күшейтілуде: Жасыбай көлінде полицияның арнайы бөлімшелері, медицина қызметі мен құтқарушылар кезекшілік етеді, бейнебақылау камералары мен құтқару мұнаралары орнатылған.

Ал Сабындыкөл жағажайын абаттандыру және бақылау алаңын салу жобалары жүзеге асырылды, Баянауылда визит-орталықтың құрылысы жалғасуда. Жасыбай көлінің жағажайын ауқымды түрде абаттандыру жоспарда бар. Сонымен қатар Павлодарда Novotel брендімен қонақүй, аквапарк, эко-қалашық және мәдени-демалыс орталығын салу сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ жол инфрақұрылымына, ағымдағы жөндеу және жаңа жобаларға ерекше көңіл бөлінуде.

Әкімдік жаңа туристік нүктелерді дамытуға да ерекше назар аударылды. Мәселен, Аққулы ауданындағы Тұзқала көлі қазірдің өзінде мыңдаған туристі тартуда. Шарбақты ауданында Маралды көлі курорттық аймағы қарқынды дамып, соңғы жылдары демалушылар саны сегіз есеге жуық артты. Ертіс орманы аумағында да экологиялық кешендер мен жаңа туристік бағыттар құру жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.