Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Нидерланд Қазақстанға 40 мың қызғалдақ сыйлайды

Нидерланд Қазақстанға 40 мың қызғалдақ сыйлайды

Жамбыл облысында халықаралық қызғалдақ фестиваль өтеді

QazMonitor Logo
Roman Biernacki / pexels
Roman Biernacki / pexels

Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль Жамбыл өңір. Грейг қызғалдағының тарихи отаны ретінде танытуға және экологиялық туризмді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Фестиваль бағдарламасында 20 киіз үйден тұратын этноауыл, сахна, ұлттық спорт түрлеріне арналған алаңдар, фудкорт және тақырыптық фотозоналар қарастырылған.

Қонақтар облыстық филармония әртістерінің концертін, «Қызғалдақтың шығу тарихы» атты театрландырылған қойылымды тамашалап, өңірдің туристік нысандарына танымдық экскурсияларға қатыса алады. Сондай-ақ ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер көрсетіліп, «Қымызмұрындық» рәсімі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар фестиваль аясындағы ерекше оқиғалардың бірі – халықаралық экологиялық бастама: Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына өңір аумағына отырғызу үшін 40 000 қызғалдақ пиязшығын табыстау жоспарланып отыр.

Аталған фестивальдер өңір экономикасының дамуына серпін беріп, туристер ағынын арттыруға, инфрақұрылымды жетілдіруге және шағын әрі орта бизнесті қолдауға ықпал етеді.

Жамбыл облысы тұрғындар мен ел қонақтарын осы жарқын іс-шараларға қатысып, өңірдің бай мәдени мұрасы мен ерекше табиғи келбетін тамашалауға шақырады.

Іс-шара 2026 жылғы 25 сәуірде Талас ауданындағы Есейхан ауылының маңында өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.