Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Оңтүстік Кореяның кино компаниясы Алматы облысында телехикая түсіріп жатыр

Оңтүстік Кореяның кино компаниясы Алматы облысында телехикая түсіріп жатыр

Түсірілім қазақстандық «Atadala» продакшнымен бірлесіп жүріп жатыр

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Әлемдік деңгейдегі сериал Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылында, Айлы және Қара шатқалдардың аумағында Қонаев қаласындағы Іле өзенінің жағалауында түсіріледі, деп хабарайды QazMonitor.

Түсірілім алаңына арнайы барып Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, жобаның іске асырылу барысымен танысты.

«Бұл жобалар креативті экономиканы дамытуға зор ықпал етеді. Оңтүстік Корея компаниясының фильмдерін әлем жұртшылығы қызығып тамашалайды. Ал бұл кино көрсетілімге шыққаннан кейін шетелдіктер Қазақстанның әсем табиғатын көріп, елімізге ағыла бастайды. Соған сәйкес, өңірге келетін туристер саны да артады. Осылайша, Қазақстанның, оның ішінде Алматы облысының танымалдығы артып, әлем назарын өзіне аудартады», – деді өңір басшысы.

Түсірілім алаңында актерлер, каскадерлер, техникалық қызметкерлер және жергілікті мердігер ұйымдар жұмыс істеуде.

Жобаны дайындау және жүзеге асыру барысында Алматы облысындағы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, көлік қызметтері пайдаланылуда. Түсірілім жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылған.

Жобаның бас продюсері – Руслан Пак. Сериалдың көрсетілімі 2027 жылға жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.