Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевқа Аралдың туристік әлеуетін және жол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобалары таныстырылды, деп хабарлайды QazMonitor.
Қызылодра облысындағы туризмді дамытуда ерекше маңызға ие демалыс аймағы «Арал геопаркі» жобасына енгізілген. Былтыр бұл аймаққа 100 мыңға жуық адам қызығушылық танытып келген. Аумағы екі гектар демалыс аймағында бүгінде 21 кәсіпкер келушілерге сапалы қызмет көрсетуде, 110 демалыс үйі қамтылған.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы салынған, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. Демалушыларға арнайы орындар мен үш волейбол алаңы да жасалған.
Сонымен қатар өңір басшысы «Самара-Шымкент» тас жолындағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Өткен жылы «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Әйтеке би кенті мен Арал қаласы аралығындағы учаскесін орташа жөндеу қажеттігі туындаған болатын.
Осыған байланысты биыл «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 9,5 шақырым жолды қолға алды. Жауапты мердігер – «Арал Құрылыс» ЖШС, жұмыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы аясында қайта жаңғырту көзделген. Аталған жоба бойынша техника-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алынған.