Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Баянауыл демалыс орнындағы өзгерістер: Жасыбай мен Сабындыкөл қалай жаңарды

Баянауыл демалыс орнындағы өзгерістер: Жасыбай мен Сабындыкөл қалай жаңарды

Баянауыл туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты

QazMonitor Logo
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі, суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі, суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов Баянауылдағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен өңірдің туристік маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды QazMonitor өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сабындыкөл көлінде абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда жағалауда санитарлық тораптар, медициналық пункт, күзет бекеттері жұмыс істейді, ал жақын уақытта фудкорт іске қосылады. Серуендеуге арналған ұзындығы 1 км жағалау жолы салынды, автотұрақ аймағы жабдықталды. Жағажайда шезлонгтар, шатырлар, әткеншектер, жуынатын кабиналар мен киім ауыстыратын орындар орнатылған. Сондай-ақ мұнда құтқару бекеттері, бейнебақылау және жарықтандыру жүйелері іске қосылды.

«Қызмет көрсету, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету өте маңызды. Іске асырылып жатқан әрбір жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етуі тиіс», - деп атап өтті Асайын Байханов.

Сонымен қатар өңір басшысы Баянауыл ауылына кіреберіс жолда орналасқан жаңа визит-орталық болды. Аумағы 740 шаршы метрді құрайтын кешен бір га жерде бой көтеруде және қазіргі уақытта пайдалануға беру үшін соңғы кезеңдегі жұмыстар орындалуда. Орталықта конференц-зал, музей, коворкинг және дәріс алаңдары, кофехана, ана мен бала бөлмесі, сондай-ақ келушілерге арналған демалыс аймақтары орналасады.

Өңір басшысы визит-орталық туристерге бағыт-бағдар беріп, сапалы қызмет көрсететін заманауи орталық болуы қажет екенін атап өтті.

«Облыс тұрғындары мен қонақтары мұнда қажетті ақпарат алып, өздерінің саяхаттау бағытын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Ол үшін сапалы контент, заманауи технологиялар және көптілді қызмет көрсету форматын қамтамасыз ету қажет», - деді облыс әкімі.

Жасыбай көлінің орталық жағажайын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Мұнда заманауи курорттық инфрақұрылым қалыптастырылуда: көлеңкелі шатырлар, шезлонгтар, жуынатын кабиналар мен киім ауыстыратын орындар орнатылып, фудкорттар, спорттық және балалар алаңдары, медициналық пункт пен санитарлық нысандар салынуда.

Бұл жоба өңірдегі ең танымал туристік аймақтардың бірінде демалыс сапасының жаңа деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Облыс әкімі туристік инфрақұрылым демалыс маусымы аяқталғаннан кейін емес, дәл қазір демалушылардың талаптарына сай болуы тиіс екенін атап өтті.

«Біз Жасыбайдағы нысандарға қатысты туристердің өтініштері мен орынды ескертулерін көріп отырмыз. Адамдар демалуға келеді және құрылыс алаңын емес, сапалы қызметті көруі керек. Барлық жұмыстарды қысқа мерзімде әрі жоғары сапамен аяқтау қажет. Туристік маусым басталып кеткендіктен, мердігерлер белгіленген кестенің сақталуына толық жауап беруі тиіс», - деп талап етті өңір басшысы.

Сонымен қатар байланыс сапасы мен цифрлық сервистерді жақсарту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Туристік аймақтағы Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдеріндегі мобильді байланыс сапасы жақсартылып, Wi-Fi желісін кеңейту жалғасуда. Қазіргі уақытта туристік нысандардың шамамен 80% сымсыз интернетпен қамтылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.