Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Туристік полиция Алакөлде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Туристік полиция Алакөлде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Маусым басталғалы бері полиция адасып кеткен 10 баланы тауып, ата-аналарына тапсырды

QazMonitor Logo
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алакөл жағалауында қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүл туралы ІІМ хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бүгінде жағалаудағы қауіпсіздік тек полиция күштерімен ғана емес, заманауи технологиялардың көмегімен де қамтамасыз етілуде.

Жедел патрульдеу үшін golf-car үлгісіндегі электромобильдер, квадроциклдер және электрсамокаттар пайдаланылады. Мұндай техника қызметкерлерге ұзын жағалау сызығы, халық көп жиналатын демалыс орындары мен серуендеу аймақтары бойынша жылдам қозғалуға мүмкіндік береді.

Жағдайды цифрлық бақылауға ерекше көңіл бөлінген. Курорттық аймақта бет-әлпетті тану жүйесімен және қуатты оптикамен жабдықталған заманауи бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Кейбір кешендер су айдыны мен жағалаудың шалғай бөліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Соның арқасында полицейлер ахуалды нақты уақыт режимінде бақылап, кез келген оқиғаға жедел әрекет етеді.

Туристік полиция қызметкерлері ағылшын, қытай, неміс және орыс тілдерін меңгерген. Бұл шетелдік туристермен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Полицейлер қонақтарға бағыт-бағдар беріп, қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес береді және тосын жағдайларда қажетті көмек көрсетеді.

Туристік маусым басталғалы бері полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 баланы тауып, олардың барлығын ата-аналарына аман-есен тапсырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.